Дзюдодан Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әбиба Әбужақынова қола медальді мойнына тақты. Ол кіші финалда түркиялық Тукче Бедерден «иппон» әдісімен басым түсті.
Осылайша, оол әлем чемпионаттарындағы екінші қола медалін иеленіп отыр. Бұған дейін Әбиба Ташкенттегі (2022) әлем біріншілігінде алғаш рет үздік үштікке енген болатын.