Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Абхазияның жаңа президенті сайланды

2 Наурыз 2025, 20:27
853
Бөлісу:

Абхазияда өткен президенттік сайлаудың екінші турында Бадра Гунба жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол 54,73% дауыс жинады.

Абхазия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Дмитрий Маршанның айтуынша, Гунбаға 54 954 адам дауыс берген. Оның қарсыласы Адгур Ардзинба 41,5% дауыс жинаған. Сайлауға халықтың 70%-ы қатысқан, барлығы 100 412 адам дауыс берді.

Президенттік сайлаудың екінші кезеңі 1 наурызда өткен еді. Бірінші турда ең көп дауыс жинаған екі үміткер – Бадра Гунба мен Адгур Ардзинба сайлаудың екінші кезеңіне өткен.

Өзгелердің жаңалығы