Абдуллаев: Үкіметтің ғылымға деген назары күшейді

22 Қаңтар 2019, 17:21
2165
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Кенже Абдуллаев мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта ағылым мен өндіріс арасында өзара байланыс орнатылды. Соның ішінде, топырақ құнарлылығын арттыруға ауыспалы егісті дамыту ісі облыс басшыларының тұрақты бақылауында болуы қажет. Айта кету керек, соңғы жылдары үкімет елдегі ғылымды дамытуға ерекше назар аударып келеді. Егер, бірнеше жыл бұрын ғылымға 200 млн теңге қарастырылса, қазір топырақты зерттеу, оның құнарлылығын арттыру, оны өндіріске енгізу секілді жұмыстарға 1,1 млрд теңге бөлініп отыр», - деді бас директор.

Ол Мемлекет басшысы әлемдегі соңғы жаңашылдықтарды Қазақстанға алып келуді тапсырғанын айтып, бұл іс заманауи техникаларсыз жүзеге аспайтынын ескертті. Осы орайда, өткен жылдың өзінде орталыққа 46 дана заманауи түрлі техника сатып алынған.

«Селекциялық орталық 17 түрлі дақылмен айланысады. Соның ішінде, ең көп дақыл – Қазақстандағы 12 млн гектарды алып жатқан бидай алқабы. Осы алқаптың 50 процентінде біздің сортты бидайлар егіліп жатыр. Бұл көлемді 70-80 процентке жеткізуді мақсат етіп отырмыз. Қазір орталық мамандары көпжылдық дақылдармен де айналысып жатыр. Қазір олардың 12 жуық сорты бар», - деді Абдуллаев.

Ақмарал Шағатай

Өзгелердің жаңалығы