Әбдіғалым Әбдікерім Азия чемпионатында жеңіске жетті

24 Тамыз 2021, 04:15
807
Бөлісу:
Әбдіғалым Әбдікерім Азия чемпионатында жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қазақстандық боксшы Әбдіғалым Әбдікерім Дубайда (БАӘ) өткен бокстан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Ол жастар турнирінде (2003-2004 ж.т.) 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті, – деп жазады Sports.kz. Қазақстандықтың алғашқы қарсыласы қырғыз боксшысы Тургунбек Иманкадыров болды. Жекпе-жек төрешілердің  шешімімен бірауыздан боксшының жеңісімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, Дубайда жастар турнирімен қатар жасөспірімдер арасындағы жарыстар да өтіп жатыр – онда 2005 және 2006 жылғы боксшылар өнер көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы