Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Абайлық 13 жастағы оқушы қамшы өрудің 15 түрін меңгерген

10 Қазан 2025, 22:19
383
Бөлісу:
 Оқу-ағарту министрлігі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Абай облысы Аягөз ауданындағы №5 мектептің 7-сынып оқушысы Әлихан Салихан ұлттық қолөнерге деген ерекше қызығушылығымен көзге түсіп отыр. 13 жастағы жас шебер қамшы өрудің 15 түрін меңгерген. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Гаджеттер мен әлеуметтік желілерге әуес құрбыларынан ерекшеленетін Әлихан уақытын ата-баба мұрасын үйренуге арнайды. Ол дойыр, тобылғы сапты, өрме, сегіз өрім, шынжыр баулы, сәндік, алақанды сияқты түрлі қамшы түрлерін өз қолымен тоқиды.

Қамшы – жай ғана бұйым емес, бұл – тарих пен рухтың символы. Әр өрімді жасаған сайын ата-бабаларымыздың өмірін, батырлық болмысын елестетемін. Мақсатым – осы өнерді сақтап, замандастарыма үлгі болу, – дейді Әлихан.

Жас шебер бұл істі бала кезінен әкесінен үйренген. Қазір қамшының шығу тарихын зерттеп, ұлттық өнердің мән-маңызын танып-білуге ден қойып жүр.

Өзгелердің жаңалығы