Сотталғандар Абайдың алып портретін салды

10 Тамыз 2020, 18:38
1706
Бөлісу:
Сотталғандар Абайдың алып портретін салды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айтулы күнге Тараздағы ЖД-158/7 мекемесі де өз үлесін қосты. 

Ұлы ақын, қазақ даласының ойшыл-философы - Абайдың 175 жылдық мерейтойына орайластырылып, 10 тамызды "Абай күні" деп тарихқа мәңгілікке қалдыру бұл алаштың ізгілік пен өркениет өріне басқан тағы да бір қайырлы қадамы.        

Тараздағы ЖД-158/7 түзеу орнында да карантиндік талаптар сақтала отырып, мерекелік іс-шара өткізілді. Түрме аумағындағы кітапханаға сотталғандар жиылып, ақынның шығармаларымен танысты. Түсінгенге мол мұра - Абайдың қара сөздері, жұрт арасында кеңінен танымал қанатты сөздер мәселен, Абай айқындап берген "Бес асыл іс, бес дұшпан", "Біріңді қазақ бірің дос" сынды тәмсілдерді жатқа айтып жарысты. Ал үш бірдей сотталған жүрекжарды туындысын арнап, көпшілік алдында оқып берді.         

SAM_1522.JPG

Сондай-ақ, екі жазасын өтеуші қосылып үлкен көлемді Абай портретін салып, дәп бүгін бітірді. Ені 1 метр, ұзындығы 1,5 метрді құрайтын қылқалам туындысы майлы бояумен салынған. Суретшілердің сөзінше, тұғыры биік тұлғаның туындысы да өзгелерден айшықтала түсуі тиіс. 

Мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет майоры Жасұлан Құрманалиевтің айтуынша, сотталғандардың ерекше ықыласы тәнті етті. 

Кей бағдарламалық жиынға селсоқтық танытатыны жасырын емес. Алайда, бұл жолы белсенді қатысты. Сонымен қатар, ХХ-ғасыр Гомерінің бірнеше өлеңдерін жатқа айтып, нақыл сөздерін тілге тиек етуі қуантты, - деді ол.          

Бүгінгі күн қазіргідей індетпен арпалысып, күйзелген халықты өресін көтеріп, жырымен емдеген құдіретке ие күн болды.

Өзгелердің жаңалығы