Абай туралы киноны ресейлік режиссер түсіре ме? Министрлік жауап берді

15 Қаңтар 2020, 14:47
2713
Бөлісу:
Абай туралы киноны ресейлік режиссер түсіре ме? Министрлік жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кейбір отандық БАҚ өкілдері Абай туралы фильмі ресейлік кинорежиссер Егор Кончаловский түсіреді деп хабарлаған болатын. Осыған байланысты мәдениет және спорт министрлігі жауап берді.

Әлеуметтік желіде тарап, қызу​ талқыланып жатқан​ ресейлік кинорежиссер Егор Кончаловскийдің Абай Құнанбайұлы туралы фильм-опера түсіретіні туралы ақпарат​ жалған екенін хабарлаймыз. Абай​ туралы кино түсіру, оның үстіне бір жылдың ішінде жақсы дүние жасап шығу оңай емес, үлкен дайындықты қажет етеді, - дейді ҚР мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев.
Оның айтуынша, фильм түсіреміз деп келетіндер Абайды жан-жақты зерттеп, ұлы тұлғаның болмысын түсіне алатындай, фильмге ұлттық рең бере алатындай қабілеті мен мүмкіншіліктері болуға тиіс. 
Әрине, ел ішінен ондай шығармашылық тұлғалардың шығатынына​ күмән келтірмейміз. Бірақ, қу құлқынның құлы болып, ақша тауып қалуды көздегендер​ мен атақ алып, шен мен шекпенге ие болғысы келетіндердің Абай туралы фильм түсіруіне жол берілмеу керек деп ойлаймыз. Бұл фильмді түсіретіндер Ұлы Абайдың бейнесі мен рухани болмысын аша алатын,​ дүниетанымы мен​ тарихи тұлғасын әлемдік​ деңгейде көрсете алатын, ең бастысы Абайдың: "Ұятың, арың оянсын, Бұл сөзімді ойлансын…" дегеніндей, ел алдында жауапкершілікті, ар мен ұятты сезіне алатын​ кәсіби маман ғана​ мойнына алса ғана жақсы болар еді, - дейді кеңесші.
Оның айтуынша, не сценарий жазушылардан, не режиссерлардан ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының сараптама кеңесі мақұлдаған киножоба әлі де жоқ. Тек деректі фильмдерге ғана ұсыныс түсіп жатыр екен.
Бәріңізге​ өтініш, Ерлан Төлеутайдың әлеуметтік желідегі "Енді Кончаловский Қазақстанда тағы да фильм түсіремін деп жатқан көрінеді.​ Бұл жолы Абайдың өзіне ауыз салыпты"​ - деп, ресми емес​ ақпарат көзіне сүйенгені жәнеТалғат Теменов сияқты "Мен өткен жетіде "Қазақфильмге" бардым. Сонда Абай операсын ресейлік кинорежиссер Егор Кончаловскийдің түсіретінін естідім. Біреулер солай деп ұсыныс айтыпты-мыс.​ "- деп, елден естіген өсек-аяңды жазбай, нақты деректің шындығына көз жеткізіп алып, жазуларыңызды өтінеміз. ​Нақты деректерге байланысты мәдениет және спорт министрлігі әркез​ жауап беруге дайын, - дейді Ерлан Жұрынбаев.


Өзгелердің жаңалығы