"Абай оқулары". XXV республикалық оқу басталды

11 Маусым 2024, 09:12
263
Бөлісу:
"Абай оқулары". XXV республикалық оқу басталды
PHOTO
Фото: Оқу ағарту министрлігі

10-13 маусым аралығында Абай облысындағы «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінде XXV республикалық «Абай оқулары» өтеді. Көркемсөз байқауына 8-11 сынып оқушылары қатысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Абай оқулары". XXV республикалық оқу басталды

Байқаудың мақсаты - қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

"Абай оқулары". XXV республикалық оқу басталды


Салтанатты шараның ашылуында Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев жас таланттарға сәттілік тіледі. 
 

"Абай оқулары". XXV республикалық оқу басталды

Абай оқулары оқушылардың рухани дамуына ерекше әсер ететін қоғамдық - мәдени шара екендігі жыл сайын айқындалып келеді. Еліміздің түкпір-түкпірінен жас дарындардың басын қосатын киелі мекенде әр қатысушы сөз өнері шыңында сыналады, қабілет қарымын арттырады. Қазіргі жаңа буын Абай мұрасынан нәр алып, оның асыл сөздерін, асқақ поэзиясын, терең философиясын бойына сіңіріп өсуге тиіс, - деді Қаныбек Жұмашев.

"Абай оқулары". XXV республикалық оқу басталды
"Абай оқулары". XXV республикалық оқу басталды
"Абай оқулары". XXV республикалық оқу басталды

     Республикалық қорытынды кезеңде 130-дан аса жас дарын 6 номинация бойынша бақ сынасады: 
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», 
«Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі». 
Басты шарт - қатысушылар Абай шығармаларын жатқа айтуы тиіс. 

"Абай оқулары". XXV республикалық оқу басталды


Айта кету керек, Абай оқуларының жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдармен марапатталады. Сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының атынан грамоталар мен бағалы сыйлықтар тапсырылады.

Өзгелердің жаңалығы