Абай өңірінде ауызсу тартылған ауылдардың саны артып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай облысы Көкпекті ауданында «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 10 шақырым су құбырының құрылысы басталды.
Мемлекет басшысының барлық елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасы аясында Көкпекті ауданының Биғаш ауылында құны 500 млн теңгеге жуық жоба жүзеге асырылып жатыр. Соған сәйкес 10 290 метр құбыр желісі жаңартылады. Қазір ауылға барлық қажетті құрылғы мен техника жетікізілген. Құрылыс жұмыстары басталды, оған 6 техника, 14 адам жұмылдырылған. Құбырларды жаңарту жұмыстары биылғы жылдың маусым айында басталып, жыл соңында аяқталады деп жоспарланған. Биғаш ауылында бүгінде 77 тұрғын үй, 1 мектеп бар. Жалпы тұрғындардың саны 311 адам, - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.