Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай зиялы қауым өкілдері арасында ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқудан челлендж өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Челленджді танымал өнер адамдары да қолдады. Солардың бірі – қазақ өнерінің абыз тұлғасы Асанәлі Әшімов ұлы ақын Абайдың жауһар жырын — «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңін оқыды.
Абайдың әр жолы – жүрекке жететін үн екені белгілі. Ал Асанәлі Әшімовтің орындауында бұл өлең тыңдарманын терең ойға жетеледі. Бұл – ұлт рухын жаңғыртатын сәттердің бірі.
Актриса Гүлнара Досматова да челленджді қабылдап, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының жүрекке жылы, сыршыл «Тихой ночью» атты өлеңін оқып берді. Бұл — түн тыныштығында айтылған ой, адам жанының тереңінен шыққан сыр. Абайдың мұрасы — ұрпаққа аманат.
Челленджді Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрынан, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Талғат Күзембаев, күйші, күй зерттеуші Қайрат Айтбаев жалғады.
Абай – біздің ұлттық санамыздың темірқазығы, рухани биігі. Оның сөзі менойы уақыт өткен сайын тереңдеп, жаңаша үн қатуда. Ұлы кемеңгердің аманатына адал болып, оның мұрасын келешек ұрпаққа лайықты жеткізу – бәрімізге ортақ міндет, - дейді өнер иелері.
Еліміздің белгілі актрисасы Жанна Қуанышева, Қайрат Байбосынұлы мен Қайрат Айтбаевтан челленджді қабылдап, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының «Будь разборчив в пути своем» атты өлеңін жүрекпен оқыды.
Челлендж:
- Абайдың кез келген өлеңінен (қара сөзінен) үзінді оқу (бейнебаян);
- Бейнероликті #Абай180, #Abai180, #Абай180жыл хештегтерімен жүктеу сынды талаптардан тұрды.
Рухани эстафета мәдени ортада кеңінен қолдау тапты.