Абай облысының Жарма ауданындағы жағдай туралы ТЖМ Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қардың қарқынды еруі нәтижесінде даладан еріген су келіп, Үшбиік ауылында 2 шеткі көшесін су басты.
Барлығы 12 аула аумағы суда қалып, оның ішінде 9 пәтерге су кірді, (оның 4-і тұрғын емес).
Қазіргі уақытта су деңгейінің 40 см-ге төмендеуі байқалады. Сондай-ақ 4 пәтерден еріген су шығарылды.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Оқиға орнында ТЖД, Абай облысының ПД, ЖАО күштері мен құралдары жұмылдырылды.