Абай облысының шұғыл медициналық қызметі жаңа реанимобильдермен толықты

29 Мамыр 2023, 22:18
945
Бөлісу:
Абай облысының шұғыл медициналық қызметі жаңа реанимобильдермен толықты
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай облысына жаңа реанимобильдер мен инватакси жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отбасыларға шұғыл медициналық қызмет көрсету үшін бес жедел жәрдем көлігі және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қозғалысы үшін үш инватакси келді. «

Реанимобильдер қан айналымы жүйесінің аурулары, инсульт кезінде сапалы шұғыл медициналық көмек көрсету үшін, сондай-ақ шалғай ауылдарда ана мен бала өлімін азайту үшін пайданылатын болады. Автокөліктер жедел жәрдемге реанимациялық бригада күштерімен, ауруханаға дейінгі кезеңде тасымалдау және жай-күйін мониторингтеу үшін арналған және қазіргі заманғы талаптар мен нормативтерге сәйкес жабдықтармен жабдықталған. 

Бұған дейін облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевпен кездесу барысында тұрғындар шұғыл медициналық көмекке мұқтаж пациенттерді тасымалдау мәселелері туралы айтқан болатын. 

Айта кетейік, Абай облысында мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша 16 инватакси қызмет көрсетеді. Автопарк тағы 3 көлікпен толықты. Бұл автомашиналар мүгедектігі бар адамдарға арналған облыстық спорт клубына, психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған Үржар балалар орталығына және «Абай облысының мүгедектерді абилитациялау және оңалту орталығы» КММ қызмет көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы