Абай облысындағы шахта апаты: Қылмыстық іс қозғалды

20 Қыркүйек 2024, 01:14
1038
Бөлісу:
Абай облысындағы шахта апаты: Қылмыстық іс қозғалды
Фото: Арман Мухатов -архив

Абай облысындағы Орлов шахтасында болған қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Абайсыздықтан адам өліміне әкелген тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздік ережелерін бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта орын алған жағдайдың себептері анықталып жатыр, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, тергеп-тексеру өңірдің полиция департаментінің бақылауына алынды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысында шахтадағы апаттан бір кеншінің қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы