Абай облысында 6 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесуде.
Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 600 астам адам, 168 техника жұмылдырылған.
Орман шаруашылығы комитетінің ақпаратына сәйкес өрт ауданы 30 000 га.
6 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда. Өрт ошақтарына әуеден 55 рет су төгілді, жалпы көлемі 154 тонна.
Министр Абай облысындағы өртке және өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру қажеттілігіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын тоқтатты. Министр ТЖМ Дағдарыс жағдайында басқару орталығындағы штабты жеке өзі басқарады, - делінген хабарламада.
«Қазгидромет» АҚ 9 маусымдағы деректері бойынша: күндіз облыстың солтүстігінде, батысында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м / с. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 жылу, күндіз 29-34 жылу, облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады деп күтілуде.