Абай облысындағы өртпен күреске 200 техника жұмылдырылған

10 Маусым 2023, 03:27
828
Бөлісу:
Абай облысындағы өртпен күреске 200 техника жұмылдырылған
Фото: видеодан кадр

Төтенше жағдайлар министрі Абай облысындағы өртпен күреске Алматы қаласынан, Алматы, Жетісу және Қарағанды облыстарынан қосымша күштер мен құралдар бөлді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда облысынан 1 тікұшақ жіберілетін болады.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 800-ге жуық адам, шамамен 200-техника жұмылдырылған.

8 тікұшақ тартылды. Өрт ошақтарына әуеден 99 рет жалпы көлемі 275,5 тонна су төгілді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы