Абай облысындағы өрт. Жедел штаб қазіргі жағдайды баяндады

14 Маусым 2023, 17:18
986
Бөлісу:
Абай облысындағы өрт. Жедел штаб қазіргі жағдайды баяндады
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта тартылған күштер мен құралдар төрт учаскеде; Поднебесное, Жерновка ауылдарында, Шульбинск кентінде, Каштак орманшылығында өртті сөндіру жалғасуда. Өртті сөндіру төменгі бөлікте және авиация арқылы жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел штабтың мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Өртке қарсы арақашықтық мен минералдандырылған жолақтарды жасау, өрт ошақтары мен өрттің периметрі бойынша жиектерге су төгу, өрттің жиегін топырақпен жабу және толтыру жұмыстары жалғасуда.

Таңертең жүргізілген аэровизуалды барлау нәтижесінде күштер мен құралдар өртті жедел сөндіру үшін Каштак орманшылығы бағытына жіберілді.

Өрт сөндірушілердің жедел қабылдаған шараларының, үйлесімді жұмысының арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.

Сонымен қатар, тартылған тікұшақтар өрт аумағын аэровизуалды тексеруді және өрт ошақтарына су ағызуды жүзеге асыруда. Бүгін таңғы сағат 6.00-дан бері барлығы 214 рет көлемі 600 тонна су ағызылды. Өрт басталғалы бері барлығы 2 100-ге жуық рет көлемі 6 000 тоннадан астам су ағызылды.

Осы уақытқа дейін жедел желі телефонына 188 қоңырау келіп түсті. ТЖМ және ТЖД жедел желісінің телефондары: 8 7172 53 32 84, 8 7222 35 38 31.

«Қазгидромет» АҚ деректері бойынша 14 маусымға ауа-райы болжамы: жауын-шашынсыз, солтүстік, солтүстік-шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады деп күтілуде, ауа температурасы түнде +8+130С, күндіз +20+250С.

15 маусымда жауын-шашынсыз, солтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 17-22 м/с болады деп күтілуде, түнде ауа температурасы +5+100С, күндіз +23+280С.

Өзгелердің жаңалығы