Абай облысындағы өрт. Елді мекендерге қауіп жоқ

23 Мамыр 2023, 15:07
915
Бөлісу:
Абай облысындағы өрт. Елді мекендерге қауіп жоқ
Фото: ТЖМ

Абай облысында орман өртінің ашық ошақтары жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

23 мамыр сағат 09:20-дағы жағдай бойынша тікұшақпен ұшу қорытындысы бойынша «Семей Орманы» МОТР аумағында өрт ошақтарының жойылуы байқалады. ТЖ қызметтері өртті сөндіру үшін барын салуда. Таңертең «Қазавиаселденқорғау» МИ-8 тікұшағымен су төгілді.

Абай облысының аумағында орман өртін жоюға облыстың ТЖД, ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен түнде ауыл станциясына ҚТЖ өрт сөндіру пойызы келді. Астана уақыты бойынша таңғы сағат 5:00-де Ресей Федерациясының аумағында өрт жойылды.

Бөлімше мамандары екеуміз түні бойы сол жерде кезекшілік еттік. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Сол себепті эвакуациялау жұмыстары болмады. Бүгінгі таңда учаскеде 92 техника жұмылдырылған. Таңертең 2 тікұшақ тартылды: Өскемен авиаотряды және жабдықталған су төгетін жүйесі бар «Қазавиақұтқару» борты. 4 рет су төгу жұмыстары жүргізілді. Жел жағдайды қиындатып жіберді, - деп атап өтті Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.

Айта кетейік, Абай облысынан өртті сөндіруге 11 техника, 8 көмекші техника, 71 жеке құрам жұмылдырылған.

Өскемен қаласынан 7 техника мен 31 жеке құрам келді. Мемлекеттік қордан 27 мамандандырылған машина тартылды. Оқиға орнында ТЖД, ІІД, аумақтық инспекция және «Семей Орманы» МОТР басшылары да бар.

Орман өртінің жалпы ауданы 1000 гектардан асты.

Өзгелердің жаңалығы