Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Абай облысындағы алапат өрт қайталануы мүмкін бе?

3 Шілде 2025, 16:04
810
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Еліміздегі өрт қаупі жоғары өңірлер белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Елемесов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, өрт қаупі жоғары өңірлер қатарында қылқан жапырақты орман алқабына бай Шығыс Қазақстан мен Абай облыстары тұр.

«Елімізде алапат өрттердің қайталануы мүмкін бе?» деп сұрады журналистер БАҚ өкілдерінен.

Өрттің болмауына кепілдік беру қиын. Өрт – бұл табиғи апат. Бәрі біз оны қалай жылдам анықтап, тез өшіруімізге байланысты, - деп жауап берді ведомство өкілі.

Сондай-ақ елімізде бүгінгі таңда 27 мыңнан астам алқапты шарпыған 284 орман өрті дерегі тіркелген.

Айта кетерлігі, 39 гектар жер жойқын өрттің салдарынан толықтай жанып кеткен. Бұл – орман толығымен жанып кететін, ең қауіпті өрт түрі. Мұндай көрсеткіш әріптестеріміздің жедел іс-қимыл жасап, Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп тиімді жұмыс жүргізгенін білдіреді, - деді спикер.

Сонымен қатар биыл қылқан жапырақты орман мен құрғақ климатқа ие өңірлер, соның ішінде Шығыс Қазақстан мен Абай облыстары да ерекше бақылауда екендігін алға тартты.

2023 жылдан бастап "Семей орманы" мекемесіне 10 жаңа КАМАЗ маркалы өрт сөндіру автоцистернасы, 26 шағын өртке қарсы кешен және түрлі модификациядағы 30-ға жуық трактор сатып алынды. Орман өрттерімен күресетін станциялар қызметкерлері 100% өрт сөндіру формасымен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, БҰҰ-ның Даму бағдарламасы тарапынан тегін түрде 160-қа жуық радиостанция (қолмен ұстайтын және мобильді түрі) табысталды. Ал демеушілердің қолдауымен төрт бірлік ГАЗ-3308 өрт сөндіру көлігі берілді, - деді Мақсат Елемесов.

Өзгелердің жаңалығы