Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Абай облысында жол қауіпсіздігі күшейтілді

Кеше, 23:57
124
Бөлісу:
 Скриншот
Фото: Скриншот

Қолайсыз ауа райына байланысты Абай облысында полиция қызметкерлері бір аптадан бері жол қауіпсіздігін күшейтілген режимде қамтамасыз етіп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары тәулік бойы қозғалысты бақылап, жүргізушілерге қауіпті учаскелерден қауіпсіз өтуге және колонналармен жүруге көмектесуде.

Мереке күндері де полицейлер қызмет атқарып, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Сонымен қатар жүргізушілерге жолдағы қауіпсіздік әр азаматтың жеке жауапкершілігінен басталатыны ескертілуде.

Қолайсыз ауа райы кезеңінде полицейлер 3 мыңнан астам көлікке ілесіп жүрді. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Алматы, Павлодар және Өскемен бағыттарындағы бірқатар автожолдарда қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілді.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы