Семей қаласының Ертіс өзенінде патрульдеу кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Ерболат Айтқазы мен Әнуар Тағаев қалалық жағажай аумағында 7 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, оның ішінде ағыс алып кете жаздаған 14 пен 16 жас аралығындағы бес жасөспірім бар.
Аз уақыт аралығында 1982 жылы туған ер адам мен қалтқыларға жүзіп өздігінен жағаға қайта алмаған әйел құтқарылып, жағаға жеткізілді, - делінген ведомство хабарламасында.
Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж болмады.