Абай облысында су тасқыны маусымына дайындық тексерілді

11 Қараша 2024, 19:46
332
Бөлісу:
Абай облысында су тасқыны маусымына дайындық тексерілді

Абай облысында 2024 жылғы күзгі-қысқы кезеңге және 2025 жылдың көктеміндегі су тасқыны маусымына дайындықты тексеру шарасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеріске облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Ертіс бассейндік инспекциясының, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен Абай, Жарма, Көкпекті және Ақсуат аудандарының жергілікті атқарушы органдары өкілдері қатысты.

Алдын алу шараларын уақтылы жүзеге асыру тасқын қаупін айтарлықтай төмендетеді. Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков өткен жылдардың тәжірибесін ескере отырып елді мекендерді инженерлік қорғау жоспарын бекітті. Бұл жоспар аймақты ықтимал су тасқынынан қорғауға және төтенше жағдай қаупін барынша азайтуға бағытталған шараларды қамтиды.

Тексеру барысында облыстағы гидротехникалық құрылыстардың жағдайы бақыланды. Бұл нысандар халықты және инфрақұрылымды су тасқынынан қорғауда шешуші рөл атқарады. Олардың жұмысы ерекше назарда.

Коммуналдық қызметтер 2024 жылдың 15 қарашасына дейін көктемгі тасқын қауіпсіз болуы үшін көпір мен су өткізгіш құбырларда тазарту жұмысын аяқтауы керек.

Өзгелердің жаңалығы