Абай облысында салықтан жалтарған 75 борышкер анықталды

27 Наурыз 2024, 21:03
576
Бөлісу:
Абай облысында салықтан жалтарған 75 борышкер анықталды
Фото: Polisia.kz

Абай облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі жыл басынан бері алимент, салық және материалдық залалды төлеуден жалтарған 75 борышкерді анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Абай облысының полициясы алимент, салық, материалдық залал төлеуден жалтарған 75 борышкерді анықтады.

Мәселен наурыз айында Семей қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметінің бөлімі 1,5 млн теңге көлемінде материалдық залал сомасын төлеуден қасақана жалтарған облыс орталығы тұрғынының орналасқан жерін анықтады.

Соттың адамды іздеуге жариялау туралы ұйғарымы келіп түскеннен кейін полиция қызметкерлері іздестіру ісін бастады.

Борышкердің орналасқан жері анықталғаннан соң, борышты өндіріп алу бойынша одан әрі іс жүргізуді сот орындаушылары жалғастырады.

Абай облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы азаматтарға атқарушылық құжатты қолданыстағы заңнамамен орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы