2024 жылдың 23-25 қараша аралығында Абай облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шараның негізгі мақсаты — көшелерде және қоғамдық орындарда, оның ішінде азаматтардың көп жиналатын жерлерінде қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының профилактикасы.
Шара барысында полиция қызметкерлері ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғаларды тексеріп, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтауын және тасымалдауын анықтау бойынша жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар, бұрын жасалған қылмыстарды ашу, сондай-ақ қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жедел шаралар қабылданады.
Сонымен қатар, ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылданып, жол қозғалысын бақылау күшейтіледі, оның ішінде қала маңындағы автокөлік жолдарында.