Абай облысында қоғамдық орындарды ластағаны үшін 2800-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Кейде азаматтар мінез-құлықтың қарапайым ережелерін ұмытып, өздерін әдепсіз ұстайды, балағат сөздер айтады және көшеді ластайды. Бұл ретте, осы бұзушылық үшін жауапкершілік көзделгенін ескермейді. Абай облысында жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластаған 2820 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл бұзушылық үшін 5 АЕК немесе 18 460 теңге айыппұл түрінде жаза қарастырылған. Ал бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 10 АЕК немесе 36 920 теңге. Кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік – қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам.