Абай облысында қауіпті өрт сөндірілді

Абай облысында ТЖМ қызметкерлері өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ТЖМ баспасөз қызметі 16 Ақпан 2025 2025, 10:33
16 Ақпан 2025 2025, 10:33
628
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Абай облысында ТЖМ қызметкерлері өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мақаншы ауданы Мақаншы ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында бір шатырдың астындағы гараж, дүкен және шаруашылық құрылысы жанды.

Өрт сөндіру жасақтары оқиға орнына 4 минутта жетті. Өрттің кеш хабарлануына және шатрыдың ағаштан жасалуына байланысты өрт өрши түскен.

Құтқарушылар сыйымдылығы 50 литр болатын екі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, 140 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

Наверх