Абай облысында Алакөлге ағылған туристер ағынына байланысты жолдарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polisia.kz мәліметінше, жаз маусымында Алакөл көліне келуші туристер саны күрт артуда. Осыған байланысты Мақаншы ауданы аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар күшейтілген режимде жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жолда жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертіп келеді. Әңгіме барысында жылдамдықты асырмау, мас күйінде рульге отырмау, жаяу жүргіншілерге жол беру, қауіпсіздік белдігін тағу секілді негізгі ережелер міндетті түрде сақталуы тиіс екені еске салынуда. Сонымен қатар жол бойында арнайы жылжымалы медициналық пункттер де ұйымдастырылып, жүргізушілердің денсаулық жағдайы тексерілуде, - делінген мәліметте.
Мақаншы ауданы аумағында өткізіліп жатқан бұл алдын алу шаралары – жол-көлік оқиғаларын азайту, туристер мен жергілікті тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі.