Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Абай облысында прокурорлар есірткі қылмысымен күрес жұмыстарын жалғастыруда

26 Қараша 2024, 20:24
702
Бөлісу:

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері, әкімдік және волонтерлер арасынан мобильді топтар құрылып, наркограффитиді анықтау және бояу жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі таңда 400-ден астам наркограффити боялып, есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау бойынша ҚК 299-1-бабымен 6 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Сонымен қатар, облыс прокуратурасының қызметкерлері бір айдан аз уақыт ішінде облыста есірткі және психотроптық заттарды сату үшін пайдаланған 64 сайт пен «Telegram»-арналарын бұғаттады. 

Абай облысының прокуратурасы тыйым салынған заттардың жарнамасын анықтаған жағдайда 102 арнасына хабарласу керектігін еске салады.

Өзгелердің жаңалығы