Абай облысында "Прииртышье" өлкетану қоғамы мерейтойын атап өтті

Бөлісу:
Абай облысында "Прииртышье" өлкетану қоғамы мерейтойын атап өтті
Фото: Абай облысының әкімдігі

Абай атындағы кітапханада "Прииртышье" өлкетану қоғамының 20 жылдығына арналған шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өлкетану қоғамы осы жылдар аралығында туған өлкенің тарихын зерттеп, оны насихаттауда тынбай еңбек етіп жүрген жиырмадан астам өлкетанушының басын біріктірді.

Шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қатысып, өлкетанушыларды атаулы датамен құттықтады. Естелік сыйлық табыс етті. Шара аясында ұйымдастырылған көрме қатысушыларға соңғы 20 жылда табылған жәдігерлер және зерттеу жұмыстарымен танысуға мүмкіндік берді.

Сіздерді айтулы мерейтоймен құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық тілеймін. Біз мәдени және тарихи мұрамызды сақтауға қатысты барлық іс шараларға қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Сіздердің тараптарыңыздан сарқылмас күш, ынта-жігер қажет. Атқарған жұмыстарыңыз бен қаланың дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын, – деді облыс әкімі.

Өлкетану – бұл тарихты ғана емес, сонымен қатар археология, ботаника, зоология, климаттық зерттеулерді, мәдени және өндірістік мұраны қамтитын ауқымды қызмет саласы. Қоғам мүшелерінің әрқайсысы Ертіс өңірінің бай тарихын зерттеуге және насихаттауға өз үлесін қосады. Осыдан жиырма жыл бұрын олар Семейдегі өлкетану қозғалысын дамыту үшін бірікті.

Қоғам жұмысының негізгі бағыттарының бірі — қаланың көне ғимараттарын сақтау. Өлкетанушылар күш-жігерінің арқасында Семейде бірқатар тарихи ғимараттар сақталып, біріне сәулет ескерткіші мәртебесі берілді.

Өзгелердің жаңалығы