Абай облысында полицей өртенген үйден әйел адамды құтқарып қалды

Бүгiн, 10:27
102
Бөлісу:
Абай облысында полицей өртенген үйден әйел адамды құтқарып қалды

13 желтоқсанда түнгі сағат 02.00 шамасында Көкпекті аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Расул өртеніп жатқан үйді байқап, дереу көмекке ұмтылған.

Қақпадан өткен ол оттың үй шатырына жайылып бара жатқанын көрді. Бір қолымен өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалып, екінші қолымен үйдің терезелері мен есігін қағып, үй иесін оятуға кіріскен, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.

Ал ұйықтап жатқан 35 жастағы әйел болған жағдайдан мүлде бейхабар еді. Полицейдің жедел әрекетінің арқасында ол аман қалып, үй мүлкінің басым бөлігі сақталды. Бірнеше минуттан кейін өрт сөндірушілер келіп, тілсіз жауды ауыздықтады.

Үйімнің өртеніп жатқанын білмедім де. Егер полиция қызметкері болмағанда, жағдайдың немен аяқталатынын елестетудің өзі қорқынышты. Ол мені және үйімді сақтап қалды. Cол үшін алғысым шексіз!, - дейді ауыл тұрғыны.

Өзгелердің жаңалығы