Абай облысында он екі жастағы бала құтқарылды

Бүгiн, 08:10
106
Бөлісу:
Абай облысында он екі жастағы бала құтқарылды
VIDEO
Фото: видеодан кадр

Абай облысында он екі жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қалалық жағажай аумағындағы Курчатов қаласынның 8-ӨСБ қызметкерлері азаматтық қорғау кіші сержанты Елнұр Амангелді мен азаматтық қорғау кіші сержанты Еркебұлан Айтбеков патрульдеу кезінде 2012 жылы туған баланы құтқарды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Ақпарат жинау барысында шомылу кезінде баланы ағынмен алып кете бастағаны анықталды, оны көрген құтқарушылар оған көмекке асықты.

Баланың жағдайы тұрақты, медициналық көмек қажет емес.

Өзгелердің жаңалығы