Абай облысында мотоцикл жүргізушілері жауапқа тартылды

1 Шілде 2024, 15:32
274
Бөлісу:
Абай облысында мотоцикл жүргізушілері жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Жазда жолдарда екі доңғалақты көліктің саны артады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Мотоциклдер, мопедтер, скутерлер және велосипедтер автомобильдерге қарағанда жолда байқалмайды, сондықтан аз қорғалған. Екі доңғалақты көлік жүргізушілері жеңіл көлік жүргізушілері мен жолаушыларына қарағанда жол апатына жиі ұшырайды. 

Патрульдік полиция батальонының инспекторлары рейд жүргізіп, оның барысында велосипедшілерге, мотоциклшілерге жол ережелерін сақтау қажеттігін еске салды. 

Велосипедшілер автокөлік жүргізушілер немесе жаяу жүргіншілер сияқты жол қозғалысының қатысушылары екенін есте ұстағаны жөн. Велосипедті басқарудың қарапайымдылығына қарамастан, денсаулық пен өмірдің сақталуын қамтамасыз етуге арналған Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет, – деді Семей қаласы ПБ ППБ командирі Калелов Мерхат.

Рейд жүргізу барысында екі доңғалақты автокөліктің 53 жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның біреуі көлік басқаруға құқығы болмаған.

Өзгелердің жаңалығы