Абай облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 5 желтоқсан сағат 00:00-де Абай облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты (жоғарғы және төменгі боран, кейбір учаскелерде көктайғақ) көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.
Шектеу келесі жол учаскесіне қатысты:
ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы», 587–733 шақырым аралығы, яғни Павлодар облысы шекарасынан Семей қаласына дейінгі жол бөлімі.
Жоспар бойынша жолды қайта ашу 5 желтоқсан сағат 07:00-де жүргізілмек.