Абай облысында кеме қатынасы жандануы мүмкін

13 Шілде 2022, 14:25
1293
Бөлісу:
Абай облысында кеме қатынасы жандануы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Абай облысында алдағы уақытта кеме қатынасы жандануы бек мүмкін. Себебі өңір әкімі Нұрлан Уранхаев бұрынғы өзен портын аралап көрді. Өңір басшысы мұнда кеме қатынасын жандандыру қажет екенін атап өтті.

Мен Ертістегі кеме қатынасын жандандыру ниеті туралы айтқан болатынмын. Кез-келген кеме үшін пирс қажет екендігі белгілі. Бүгін біз бұрынғы өзен вокзалының жағдайын көруді ұйғардық, - деді Нұрлан Ұранхаев.

Абай облысында кеме қатынасы жандануы мүмкін

Облыс басшысы қалада кеме қатынасын жаңғырту үшін барлық қажетті, ең бастысы – инвесторлар бар екенін атап өтті.

Абай облысында кеме қатынасы жандануы мүмкін

Бізде ұсыныстар бар, инвесторлар бар. Бұрын Өскемен мен Омбы арасында Семей арқылы біздің мақтанышымыз – «Ракеталар» жүретін. Кеме қатынасын қайта жандандырсақ жақсы болар еді. Иә, менің ойымша, қазірдің өзінде көпшілігін жолдармен жүру шаршатты. Өскеменнен Семейге дейін шлюздеуді есепке алғанда үш жарым сағаттай. Көбісі мінеді деп ойлаймын. Жүк тасымалдарына келетін болсақ – бұл жеке тақырып, оны есептен алып тастамаймыз, бірақ оған басқа инвесторлар қажет болады, - деп түйіндеді Н.Ұранхаев.

Абай облысында кеме қатынасы жандануы мүмкін
Өзгелердің жаңалығы