Абай облысында аса ірі көлемде есірткі сақтады деген күдікпен бір топ жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ-не сілтеме жасап.
Полицейлер елді мекеннен 25 км қашықтықта шамамен 8,5 га болатын күнбағыс егілген алқапты тауып, есірткі сатушылардың оның ортасында қарасора бұталарын өсіргенін анықтады.
Ұсталған 11 адамның 8-і еліміздің оңтүстік өңірлерінің тұрғындары болып шықты. Олардан 104 келіге жуық марихуана, 2000-нан астам қарасора бұталары, бұрын ұрланған деп жарияланған 2 атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.
Тергеу амалдары жүргізілуде.