ҚМА Абай облысы бойынша департаменті ӘМАТ тізбесіне кіретін «Эмиль» өнімдерінің 1 л көлеміндегі майлылығы 2,5% болатын, жұмсақ каптамадағы айранның бағасын қымбаттап жібергенін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«ЭМТрейд» ЖШС айранды «Эмиль» ЖШС-дан 328 теңгеден сатып алатыны анықталды және кейін оны 398 теңге мен 442 теңге аралығында сатқан (сауда үстемесінің асып кетуі 21,52%-дан 34,88%-ға дейін).
Осылайша, бағаның өсуі өнімсіз делдал-дистрибьютордың сауда үстемесінің 15%-дан асып кетуіне байланысты пайда болды.
Департамент пен Абай облысы әкімдігінің бірлескен жұмыс нәтижесінде тұтынушылар үшін айран құнын 13,1%-ға (570 теңгеден 495 теңгеге дейін) азайтуға қол жеткізілді.