Абай облысында білім беру және энергетика саласында мамандар тапшы

17 Қаңтар 2024, 20:53
640
Бөлісу:
Абай облысында білім беру және энергетика саласында мамандар тапшы
Фото: Абай облысының әкімдігі

Қазіргі таңда Абай облысында 3975 бос жұмыс орны болса, оның 790-ы тұрақты жұмыс орны. Тұрақты жұмыс орындарының жалақысы 85,0 мыңнан 865,0 мың теңгеге дейін, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ мемлекет тарапынан субсидияланатын, жалақысы 85,0 мың теңгеден басталатын уақытша жұмыс орындарына 3185-тен астам бос жұмыс орындары бар.

Тұрақты жұмыс орындарына келесі кәсіби бағыттар бойынша кадрларға негізгі қажеттілік анықталды:

- Білім және тәрбие беру – 188;

- Біліктілігі жоқ мамандықтар – 89;

- Өндіріс – 81;

- Медицина және фармацевтика – 51;

- Қаржы және бухгалтерлік есеп – 46;

- Көлік және логистика – 46;

- Энергетика – 46;

- HR және хатшылық – 32;

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру – 23;

- Сауда және қойма шаруашылығы – 21;

-Қызмет көрсету мен сервис– 21;

- Мәдениет және спорт – 19;

- Ауыл шаруашылығы – 16;

- Тамақтану – 14;

- Құрылыс және сәулет – 14;

– Құқықтану – 14.

Өзгелердің жаңалығы