Абай облысында балаларға жүзу дағдылары тегін үйретіледі

13 Мамыр 2024, 21:06
441
Бөлісу:
Абай облысында балаларға жүзу дағдылары тегін үйретіледі
Фото: pixabay.com

Абай облысының әкімдігінде суға шомылу маусымына дайындық мәселесі талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыста 2024 жылдың жаз мезгілінде су айдындарында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. 

Қазіргі таңда қала мен аудан әкімдіктері аумақтық ТЖД бөлімшелерімен бірлесіп шомылуға тыйым салынған учаскелер мен орындарда ескерту белгілерін орнатуда.

Семей, Аягөз қалалары мен Қалбатау ауылында су жағалауларын қарауылдайтын және төтенше жағдайларда шұғыл әрекет ететін 3 жедел құтқару бөлімшесі бар.

Тұрғындар шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіз демалуы үшін Семей қаласының Ертіс өзені мен Шүлбі су қоймасында мобильді топтардың кезекшілігі ұйымдастырылады.

Алакөлде маусым айынан бастап облыстық ТЖД құрамында 5 адам, 1 техника, 2 қайық (Kazbot-53), 1 катері бар (Corvet) құтқару бекетін ашады.

Сондай-ақ балаларға жүзу дағдыларын тегін үйретіледі, ол үшін каркасты бассейндер сатып алынды. Шомылу маусымы кезінде қауіпсіздікті арттыру және оқыс оқиғаларды азайту үшін қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне рұқсат етілмеген шомылу орындарына ескерту және тыйым салу белгілерін орнату тапсырылды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Семей қаласы мен Бесқарағай ауданының әкімдігі тиісінше Ертіс өзені мен Шошқалы көліндегі жағажайларды абаттандыру жұмысын жүргізуі қажет.

Сонымен қатар облыс басшысы Нұрлан Ұранхаев Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовқа қалалық жағажайдың мәселесін шешуді тапсырды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және бақылауда.

Өзгелердің жаңалығы