Абай облысында ауылдарда жаңа жобаларды жүзеге асыруға 9,1 млрд теңге бөледі

15 Мамыр 2023, 23:15
761
Бөлісу:
Абай облысында ауылдарда жаңа жобаларды жүзеге асыруға 9,1 млрд теңге бөледі

Абай облысының әкімдігі ауылдарда жаңа жобаларды жүзеге асыруға 9,1 млрд теңге бөледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс ауылдарында тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыру үшін спорттық модульдер, дәрігерлік амбулаториялар, балабақшалар, лагерьлер мен ауылдық клубтар салу жоспарланған.

Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов мәлімдеді. Мысалы, ағымдағы жылы ұзындығы 77 км жолдардың жабынын жөндеу, сондай-ақ электр желісін салу және 65 км көшелерге көше жарығын монтаждау жоспарлануда.

Сонымен қатар, Ақсуатта спорт стадионы қайта жаңартылады, ал Приречное ауылында Мәдениет үйі қайта құрылады.

Ел Үкіметі ағымдағы жылдың наурыз айында ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті. Бұдан басқа, «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы табысты жұмыс істеуде. Біздің облыста 327 ауылдық елді мекен бар, оның 155-і осы бағдарлама аясында дамуда. Өткен жылы 25 ауылда 3,7 млрд теңгеге 49 жоба іске асырылды. Биыл 42 ауылда 9,1 млрд теңгеге 74 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Жыл сайын ауылдық елді мекендерді қамтуды ұлғайту жоспарлануда, - деді Айдын Кәрімов.

Айта кетейік, Абай облысында кент тұрғындары үшін «Ауыл аманаты» атты жаңа жоба іске қосылуда. Ол ауыл тұрғындарының табысы мен өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған.

Ағымдағы жылдың мамыр айының соңында «Ауыл аманаты» жобасы жұмыс істей бастайды, оның шеңберінде ауыл тұрғындарына жылдық 2,5% - бен 5-7 жыл мерзімге шағын несиелер берілетін болады. Ол үшін бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлінді, - деді Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары.

Бұл бағдарлама мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ қажетті ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 400-ден астам шағын несие беруге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы