Облыс бойынша 113 киіз үй тігіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жалпы 500-ден астам іс-шара өтуде. Облыс орталығының орталық алаңында ұлттық стильдегі шағын сәулет нысандары, киіз үйлер орнатылды. Облыс бойынша 113 киіз үй тігіледі.
Тұрғындар үшін наурыз көже, бауырсақ таратылады. Аудандарда, қалаларда асық ату, арқан тарту, гiр көтеру сынды сайыстар өтеді.
Облыс бойынша мерекелік шараға 1000-ға жуық мәдениет қызметкерлері тартылған.
Семейде 100 адам “Көңілашар” күйін ойнаса, Жарма ауданында халыққа 100-литрлік тайқазанда дайындалған наурыз көже тарату жоспарлануда.
Курчатов қаласында алғаш рет киіз үйлер қалашығы тігілді.
Ұлыстың ұлы күні елімізге, Абай облысына, әр үйге құт - береке ала келсін!, - делінен Абай облысы әкімдігінің бапасөз хабарламасында.