Абай облысында 65 медициналық нысан салынады

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Абай облысы бойынша 65 нысан салу жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

12 Наурыз 2023 2023, 18:35
АВТОР
 egemen.kz 12 Наурыз 2023 2023, 18:35
12 Наурыз 2023 2023, 18:35
983
Фото: egemen.kz

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Абай облысы бойынша 65 нысан салу жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап. 

Оның ішінде биыл 57 нысан, оның ішінде 34 медициналық пункт, 14 дәрігерлік амбулатория және 9 фельдшерлік-акушерлік пункт бой көтереді. 

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың айтуынша, осы жылға жоспарланған барлық 57 нысан бойынша жер учаскелері рәсімделді.

Жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, сараптамадан өткеннен кейін «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ұйымы жобаларды байланыстыруды жүзеге асырады. Оған облыстық бюджеттен 560 млн теңге бөлінді. 

Жалпы, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру мәселесі тұрақты бақылауда.

Наверх