Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Абай облысында 45 елді мекен су астында қалуы мүмкін

2 Наурыз 2025, 20:10
779
Бөлісу:
 Абай облысының әкімдігі
Фото: Абай облысының әкімдігі

Абай облысында көктем кезінде 45 елді мекенді су басу қаупі бар. Облыстың жаңа басшысы Берік Уәли Аягөз өзенінің арнасын кеңейтуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, су басу қаупі бар 45 елді мекенде төрт мыңға жуық халық тұрады. Қазіргі кезде, әсіресе, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Көкпекті аудандарындағы 20 ауылды су басу қаупі сақталып отыр.

Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз өзенінің деңгейін тексерді

Облыстың жаңа басшысы Берік Уәли Аягөз өзеніндегі су деңгейін өзі қарап шықты. Былтыр көктемде Аягөз өзені ернеуінен асып, бірнеше ауланы су басқан болатын. Содан бері өзен жағалауын бекіту жұмысы жүргізілді. Жаңа басшы арнаны кеңейту керек деп санайды.

Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз өзенінің деңгейін тексерді

Су басу қаупі бар облыстардың қатарында тұрмыз. Сондықтан тасқынға дайындық жұмысын күшейту қажет. Аягөз өзенінің арнасын кеңейту мәселесін ойластырыңыздар. Тиісті ұсыныс беріңіздер,- деді Уәли.

Аймақ басшысы жағдайды үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы