Абай облысында 394,3 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жүргізілуде

7 Маусым 2024, 15:50
343
Бөлісу:
Абай облысында 394,3 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы жүргізілуде
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл 3882 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы облыстың әлеуметтік - экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков атап өтті.

Ағымдағы жылы жалпы ауданы 119,3 мың шаршы метр (1328 пәтер) 23 кредиттік үй салынуда, оның 21 -і Семейде болса 2 -і Аягөзде. Сондай-ақ, Семейде жеке инвесторлар есебінен жалпы ауданы 165,2 мың шаршы метр (1984 пәтер) 22 коммерциялық үй салынуда.

Жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) 109,8 мың шаршы метрді құрайды (570 үй). Оның ішінде тұрғындар есебінен 56 мың шаршы метр (300 үй) салынуда.

Бұдан басқа, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалпы ауданы 53,8 мың шаршы метрді құрайтын жалға берілетін 896 пәтер сатып алу жоспарлануда. Бұған 2024 жылы 13,9 миллиард теңге бөлінді. Тұрғындардың жалға берілетін үйлердің сапасы туралы көптеген ескертулеріне жауап ретінде сатып алынатын тұрғын үй құрылысының үлгілік жобасы бекітілді.

Өзгелердің жаңалығы