Абай облысында 3 мыңнан астам отбасына атаулы әлеуметтік көмек берілді

Кеше, 19:20
1611
Бөлісу:
Абай облысында 3 мыңнан астам отбасына атаулы әлеуметтік көмек берілді
Фото: архив

2024 жылы 18 386 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Абай облысында өткен жылы 3 647 отбасына атаулы әлеуметтік көмек төленсе, 1 жастан 6 жасқа дейінгі 5 265 балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша төлемдер берілді. 

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың орташа кірісінің 35%-ын, бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейінің кемінде 70% - нан төмен емес мөлшерді құрайды. 

Министрлік ұсынған есепке сәйкес, 2025 жылғы 1 тоқсанға Абай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі – 51 492 теңге, ал кедейлік шегі – 36 044 теңге.

Отбасылардың тұрмыстық жағдайын тексеретін комиссиялардың жұмыстарын күшейту мақсатында мобильдік қосымша іске қосылды. Бұдан бөлек, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың мүшелерін жұмысқа орналастыру, өз ісін дамытуға гранттар беру және біліктілікті арттыру курстарына жіберу арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар көрсетіледі. 2024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен еңбекке қабілетті 3 608 адам қамтылды, - деді Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының әлеуметтік көмек және азаматтардың жекеленген санаттарын қолдау бөлімінің басшысы Ерсін Құдайбергенов.

Облыс бойынша 2025 жылы 36 мыңға жуық адамға атаулы әлеуметтік көмек және 6,8 мыңнан астам балаға қосымша төлем төлеу жоспарланған.

Шұғыла Сұлтанмахмудова

Өзгелердің жаңалығы