Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Абай облысында 200 полицей бір мезетте "Адай" күйін орындады

1 Шілде 2025, 00:48
1012
Бөлісу:
 polisia.kz
Фото: polisia.kz

Ұлттық домбыра күніне орай Абай облысында 200 полицей "Адай" күйін орындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара Семей қаласындағы Абай музейінің алдында өтті. Бұл халқымыздың рухани құндылықтары тоғысатын қасиетті мекен.

Акцияға 200 полиция қызметкері қатысты. Құқық қорғау саласының өкілдері әйгілі Құрманғазының "Адай" күйін бір оркестр болып орындап, ұлттық мұрамызға деген құрметін көрсетті.

Домбыра үні халықтың жүрегіне жол тауып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Бұл — полиция қызметкерлерінің заң мен тәртіп қана емес, ұлттың рухани болмысына да жақын екенін білдіретін жарқын белгі. Іс-шара республикалық "Заң мен Тәртіп" акциясы аясында өтті.

Өзгелердің жаңалығы