Абай облысында 2 ересек адам мен 1 бала газдан уланып қалды

24 Наурыз 2023, 13:51
569
Бөлісу:
Абай облысында 2 ересек адам мен 1 бала газдан уланып қалды
Фото: ernur.kz

Абай облысы Жарма ауданындағы Жаңғызтөбе ауылында 2 ересек адам мен 1 бала газдан уланып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 23 наурызда сағат 12:59-да "101" пультіне Жарма ауданындағы Жаңғызтөбе ауылында 2 ересек адам мен 1 баланың газдан уланғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Ақпарат жинау барысында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пешті (тазартылмаған түтін мұржасы) пайдалану ережесін бұзғандықтан 1968 жылы туған ер адам мен 2016 жылы туған баланың ауыр дәрежеде улы газдан уланғаны және Жарма ауданының орталық аудандық ауруханасының реанимация бөлімшесіне жатқызылғаны анықталды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 1962 жылы туған әйел орта дәрежеде газбдан уланған, дәрігерлердің тексеруінен кейін Жарма ауданының ОАА қабылдау бөлмесіне жатқызылды.

Абай облысының ТЖД жеке тұрғын үй құрылыстарының иелерінен пештерді пайдалану кезінде келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:

- жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмау қажет;

- пеш қалауында жарықтардың болуы, бітелген мұржа қайғылы салдарға әкелуі мүмкін;

- пештерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда көзделмеген жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдануға болмайды;

- көмір жанып біткенше пеш жапқышын жаппаңыз;

- жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдындағы төсемеге орналастырмаңыз;

- жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пеш пен түтін жолдарының бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептірмеңіз;

- күл мен қожға су төгіп, қауіпсіз жерге шығару қажет;

Өзгелердің жаңалығы