Абай облысында 157 мың гектар жер қайтарылды

23 Қараша 2023, 13:47
586
Бөлісу:
Абай облысында 157 мың гектар жер қайтарылды
Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша, Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарында 102 іс-шара қарастырылған. Инвестиция көлемі – 1,9 трлн теңгені құрайды. Биыл 89,2 млрд теңгеге 45 іс-шараны іске асыру жоспарланған.

Бес жылға арналған инвестициялық жобалар пулы жасақталды. Оған 8 мың жұмыс орнын қамтитын, 1,4 трлн теңгенің 44 жобасы енді. Биыл 600 жаңа жұмыс орны бар 3 жоба іске қосылды. Құны – 19,1 млрд теңге. Агроөнеркәсіптік кешенде 5,3 млрд теңгеге 4 инвестициялық жоба іске асты. Агроөнеркәсіптік кешен және өңдеу өнеркәсібі саласында жыл соңына дейін 11,9 млрд теңгеге 150-ге жуық жұмыс орны бар, 4 жоба іске қосылады,-дейді Нұрлан Ұранхаев.

Облыс әкімі ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланбаған жерлерді қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын да айтты.

Жалпы ауданы 387,9 мың гектар жер учаскесі анықталды. Оның 157 мың гектары қазіргі таңда қайтарылды. Қалған 97 мың гектар жыл аяғына дейін алынып, жылдық жоспар толық орындалады,-дейді Нұрлан Ұранхаев.

Өзгелердің жаңалығы