Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жасар қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19 маусымда сағат 15:00-де кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі кері оралмаған. Сұр түсті джинсы киген Александро Юрченконың иығында қара рюкзагы бар, - делінген полиция хабарламасында.
Жасөспірімнің өзге де белгілері: спорттық дене бітімді, көзі жасыл түсті, шаштары ақшыл, иығынан төмен түсіп тұрады.