Абай облысында 10-ға жуық қос азаматтық фактісі анықталды

Бүгiн, 10:54
149
Бөлісу:
Абай облысында 10-ға жуық қос азаматтық фактісі анықталды

Абай облысы ПД көші-қон кызметі облыс аумағында қос азаматтығы бар адамдарды анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Басқа елдің азаматтығына кірмес бұрын ҚР азаматы қазақстандық азаматтықтан бас тартуы қажет екені туралы атап еткен жөн. Ол үшін З0 күн мерзім ішінде ішкі істер органдарын өзге мемлекеттің азаматтығын алу жоспарланғаны туралы хабарлап, сондай-ақ ҚР паспорты мен жеке куәлігін тапсыруы қажет. Өкінішке орай, Абай облысының кейбір тұрғындары бұл рәсімді елемейді, сондықтан қос азаматтық фактілерінің өсуі байқалады. 2024 жылдың 8 айында Абай облысы ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері 10-ға жуық қос азаматтықпен жүргендерді анықтаған. 

Қос азаматтықтың бірнеше себептері бар: төтенше жағдайлар туындаған жағдайда шұғыл эмиграция мүмкіндігі, материалдық көмектер алу, атап айтқанда зейнетақы есебі, балалар туылған кездегі жәрдемақы, жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдік жағдайлары және т.б. Мысалы тамыз айында Бородулиха аудандық ПБ-нің көші-қон қызметінің қызметкерлері Бородулиха ауданының 54 жастағы тұрғынын анықтаған. 

Ол 2024 жылдың маусым айында Ресей Федерациясының азаматтығын алған, алайда ол туралы хабарламаған және сәйкесінше Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды уақытылы ресімдемеген. Сот шешімі бойынша құқық бұзушы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығарылды. Құқық бұзушыдан Қазақстан Республикасы азаматының паспорты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айрылуы рәсімделді. 

Абай облысы ПД көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салады және көші-қон заңнамасын сақтауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы