Абай облысынан Өзбекстанға 700 сиыр экспорталды

10 Ақпан 2023, 14:39
1507
Бөлісу:
Абай облысынан Өзбекстанға 700 сиыр экспорталды
Фото: Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінен

Алғаш рет «Елім-ай» шаруа қожалығының BORDAKY MAL ЖШС бордақылау алаңынан Өзбекстанға 700 бас ірі қара мал экспортқа жөнелтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар Ташкент облысына жеткізіліп, қайта өңдеуден өтеді. Көршілес ел Қазақстаннан келген табиғи таза еттен, таза өнімдерді шығармақ.

Біз Өзбекстан елімен 2019 жылы келісімшартқа отырдық. Бүгін алғаш рет экспортқа орта есеппен салмағы 600-700 кг болатын ангус, симментал, герефорд сияқты асыл тұқымды ірі қара малдарды жөнелттік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы әр жолдауында ауыл шаруашылығын бір жола қолға алып, дамытуды айтып келеді. Осы мақсатта біз алдағы жылы мал санын арттырып, Иран, Қытай, араб елдеріне экспортқа шығуды жоспарлап отырмыз, - дейді «Елім-ай» шаруа қожалығының басшысы Болат Бекбердинов.

Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Елім-ай» шаруа қожалығы Қазақстандағы ең үлкен шаруашылықтардың бірі. Мал шаруашылығымен бірге егін шаруашылығымен де айналысады. Осылайша, шаруа қожалығы Абай облысы Көкпекті ауданының экономикасының дауына үлкен үлес қосады.

Өзгелердің жаңалығы