Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов кеше мемлекет басшысының қабылдауында болып, тапсырмалардың орындалу барысы мен елорданың дамуы туралы баяндаған еді.
Онда ол Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай "Абай әлемі" орталығының бой көтеретіндігі туралы айтқан болатын.
"Абай әлемі" орталығы елорданың Мәңгілік ел даңғылында орналасатын болады.
"Абай әлемі" бұл суретшілер, жазушылар, ұлттық қолөнер шеберлерінің сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтарының жиналатын жері болары сөзсіз. Ғимарат орталығында Абай шығармаларына арналған кітапхана болады", - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаева.
Орталықта, сонымен қатар музей болады. Онда Абай Құнанбайұлы қолданған заттар қойылады.